Халед Машал: Трамптың Құдсқа қатысты шешімі Израильдің жойылуының басталуы
Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) саяси бюросының бұрынғы басшысы АҚШ Президентінің өз елінің елшілігін Құдсқа ауыстыру шешімін сионистік режимнің жойылуының басталуы деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ХАМАС-тың саяси бюросының бұрынғы басшысы Халед Машал араб және ислам елдері халықтарының АҚШ Президенті Дональд Трамптың Бейт әл-Мұқаддасқа қатысты шешіміне кең ауқымды наразылық білдіруіне тоқталып: "Қарсыласу қозғалысының дұшпандары ақымақ шешімді жағдайды өздерінің бақылауында және наразылықтар жылдам тоқтайды деп ойлап қабылдады. Бірақ, наразылардың "Ыза жұмасына" жаппай қатысуы шынайы жағдайды көрсетті",- деді.
Халед Машал Трамптың палестиналықтарға қатысты шешімінің мақсатын араб мемлекеттері мен Израиль арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіріп, оларды заңдастыру, сондай-ақ, Палестина мәселесін жою деп атап: "Палестиналық топтар мен Палестина автономиялық құрылымы басшыларының реакциялары жеткілікті болмағанымен, Палестина мәселесін қолдаушылардың кең ауқымды наразылықтарының жалғасуы америкалықтарды бұл ақымақ шешімнің күшін жоюға мәжбүрлейді",- деді.
ХАМАС қозғалысының баспасөз хатшысы Сами Абузаһри: "Бітім келісімі үдерісі аяқталды. Барлық палестиналық топтар келіссөздер үстеліне оралып, бірауыздан қарсылық білдіруде"- деп қуаттады.