Израиль әскерилері 150-ден астам палестиналықты жаралады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i32895-Израиль_әскерилері_150_ден_астам_палестиналықты_жаралады
Сионистік режимнің әскерилері Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдс пен Газа секторындағы 150-ден астам палестиналыққа оқ жаудырды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 11, 2017 11:56 Asia/Almaty
  • Израиль әскерилері 150-ден астам палестиналықты жаралады

Сионистік режимнің әскерилері Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдс пен Газа секторындағы 150-ден астам палестиналыққа оқ жаудырды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Палестина Қызыл жарты ай ұйымы жексенбі күні палестиналықтар мен сионистік режимнің әскерилері арасында Иордан өзенінің батыс жағалауында, Құдс пен Газа секторының түрлі аймақтарында орын алған қақтығыстар салдарынан 157 палестиналықтың жарақат алғанын хабарлады.

Al Alam телеарнасының палестиналық ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, израильдік әскерилер Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Халил қаласында көптеген палестиналық жастарды құрықтаған.

Сионистік режимнің әскерилері сонымен қоса Бейт ул-Мұқаддастың көне аймақтарында өздерінің құзырын арттырған.

Жүздеген палестиналық студент жексенбі күні Газа секторында Дональд Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындау шешіміне наразылық білдіріп, шеруге шыққан болатын.