Сауд режимінің Санаға әуе шабуылынан қаза тапқандар мен жараланғандардың саны артты
Бір йемендік басшы саудиялық қырғи ұшақтардың Йеменнің астанасы Санадағы бір полиция бөлімшесі мен түрмеге жасаған шабуылынан қаза тапқандар мен жараланғандар санының 179 адамға жеткенін хабарлады.
Mehr ақпарат агенттігінің "Спутник" агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Санадағы йемендік тұтқындар комитетінің басшысы Абдулқадир әл-Мұртаза сәрсенбі күні: "Қаза болғандардың саны 31 адамға, жараланғандардың саны 103 адамға жетті. 32 адамның жағдайы ауыр. 45 адам із-түссіз жоғалғандардың қатарында. 71 адам жедел жәрдемнің көмегімен емделіп, қауіпсіз аудандарға тасымалданды",-деді.
Осындай жағдайда йемендік ақпарат құралдары: "Йемен армиясының мергендер бөлімі мен халықтық комитеттер Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Наджран облысының әш-Шарқие елді мекенінде екі саудиялық сарбазды атып өлтірді",-деп хабарлады.