Мұхаммад бен Салман "Аймақтағы жеңіліс тапқан жыл адамы" ретінде таңдалды
Ұлыбританиядағы Иран елшісі «The Independent» газетінің мақаласына тоқталып: «Аталмыш газет Сауд Арабиясының тақмұрагері Мұхаммад бен Салманды аймақтағы жеңілістеріне байланысты «Таяу Шығыстың жыл адамы» деп жариялады» деді.
«The Independent» газетінің мақаласында: «Сауд Арабиясының мансапқұмар тақмұрагері Мұхаммад бен Салманның бұрыс кеңесулер негізінде жасаған шешімдері Сауд Арабиясының әлем деңгейіндегі орнын әлсіретті» - деп жазылды.
Мақала авторы Патрик Кокберн Мұхаммад бен Салманның сыртқы саясатының Сауд Арабиясына теріс әсер еткеніне тоқталып, бірнеше мысал келтіріп, соның ішінде Сирияның заңды үкіметін құлату мақсатында сириялық оппозиция топтарына қолдау көрсетуін, Йеменге шабуыл жасауын, Иран мен оның аймақтағы одақтастарына қарсы дұшпандыққа бел бууын Мұхаммад бен Салманның шешімдерінің қателігін көрсететінін мәлімдеді.