Ердоғанға Грекия сапарында қастандық жасамақ болған
Грекияның қауіпсіздік органдары Афины қаласында Түркия президентіне қарсы жоспарланған қастандық әрекеттерінің заласыздандырылғаны туралы хабарлады.
Грекияның To Vima газетінің жексенбі күнгі осы елдің қауіпсіздік қызметінің дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Грекияның қауіпсіздік күштері Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Грекияға сапары кезінде оған қарсы жоспарланған қастандық әрекеттерін анықтап, залалсыздандырған.
Ердоған өткен айда жоғары деңгейлі делегацияны бастап, 65 жылдан бері алғаш рет Түркия үкіметінің басшысы ретінде Грекияға іс-сапармен барып, осы елдің басшыларымен кездесіп, сұхбаттасқан болатын.
To Vima газетінің мәліметі бойынша, Грекия полициясы 9 адамды Режеп Тайып Ердоғанға қарсы қастандық жасау талпынысы айыбымен құрықтаған.
Қастандық жасалатын кезде ракета, қолдан жасалған бомба мен жандырғыш бөтелкелер лақтыру жоспарланған болатын.