Сионистік режим Газа секторындағы қарсыласу күштерінің базаларына шабуыл жасады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i33091-Сионистік_режим_Газа_секторындағы_қарсыласу_күштерінің_базаларына_шабуыл_жасады
Сионист әскерилер Газа секторындағы қарсыласу күштерінің бірқатар базасын нысанаға алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 18, 2017 11:59 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Газа секторындағы қарсыласу күштерінің базаларына шабуыл жасады

Сионист әскерилер Газа секторындағы қарсыласу күштерінің бірқатар базасын нысанаға алды.

Al Alam телеарнасының мәліметі бойынша, сионист әскерилер дүйсенбі күні таңертең Газа секторында орналасқан Бадр, Асқалан, әл-Уаһа және әскери полиция базаларын өз шабуылдарының нысанасына алған.

Сонымен қатар, Израильдің соғыс кемелері Газа секторының оңтүстігіндегі Рафаһ қаласының жағалауларына оқ жаудырып, снаряд атқан.

Al Mayadeen телеарнасы да сионистік режим әскерінің Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) әскери қанаты саналатын "әл-Қассам" батальонының Газа секторының солтүстік-батысында орналасқан әл-Уаһа аймағындағы теңіз базасын бомбалағаны туралы хабарлады.

Сондай-ақ палестиналық ақпарат көздері Газа секторынан атылған үш зымыранның осы аймақтың айналасындағы сионистік қалашықтарға жеткені, қалашықтарда қауіп дабылының қағылғаны жайлы хабарлады.