Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстары артуда
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i33097-Сауд_Арабиясының_Йемендегі_қылмыстары_артуда
Сауд әулеті режимі қырғи ұшақтарының сенбі күні кешке Йеменнің түрлі аймақтарына жасаған шабуылдары салдарынан көп адам қаза болып, жүздеген адам жараланды. Сауд әулетінің әрекеті олардың Йемен халқына зорлық-зомбылықты арттырып, жою үшін ақылынан адасқанын көрсетіп отыр.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 18, 2017 16:01 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстары артуда

Сауд әулеті режимі қырғи ұшақтарының сенбі күні кешке Йеменнің түрлі аймақтарына жасаған шабуылдары салдарынан көп адам қаза болып, жүздеген адам жараланды. Сауд әулетінің әрекеті олардың Йемен халқына зорлық-зомбылықты арттырып, жою үшін ақылынан адасқанын көрсетіп отыр.

Арабстанның басшылығындағы басқыншы коалицияның Йемен халқына қарсы қатыгез шабуылдарына шамамен екі жыл сегіз ай өткеннен бері саудиялықтардың Йемен Әскері мен "Ансаролла" халықтық күштерін жеңіліске ұшырату мақсатында ешқандай жетістікке қол жеткізбегенін айтқан жөн.

Сауд Арабиясы мен оның аймақтық және аймақтан тыс одақтастары мынадай қорытынды жасады: Йемен Әскері мен "Ансаролла" қозғалысының қарсыласуы мен жеңіске жетуіне олардың қуатты халықтық күштерді пайдалануы себеп болды. Бұл қуатты тыл Сауд Арабиясы тарапынан жан-жақты: құрлық, әуе және теңіз бетіндегі оқшаулау мен әскери емес аймақтарға үсті-үстіне жалғасқан шабуылдарға қарамастан қарсыласуын тоқтатпаған Йемен халқы саналады. Сондықтан Сауд Арабиясы мешіттер, базарлар, тұрғын аудандар, егістіктер, ауруханалар мен мектептерге шабуылдар жасау арқылы мықты халықтық қамалды бұзуды көздеп отыр. Бұл елдің мәдениеті көшпенді халықтың мәдениеті саналады. Сондықтан халықтың басым бөлігі ауылды мекендерде өмір сүреді. Йемен халқының саны шамамен 23 миллион адамды құрайды. Бірақ олардың қолында 75 миллион қару бар. Бұл Йеменнің жергілікті халқының әскери әлеуеттері мен мүмкіндіктерін көрсетеді. Осындай ауыр тап болу Сауд Арабиясының ашуына қатты тиді. Әсіресе, йемендік зымырандардың Риядтағы Малек Халид атындағы әуежай мен әуе базасына атылуы саудиялық басшылардың намысына тиді. Йемен халқына қарсы экономикалық қысымның жасалуы мен оқшаулауға қарамастан Йемен әскері мен халықтық қозғалысы дамыған баллистикалық зымырандар өндірісіне кірісті. Осы мәселені қорытындылай келе, Сауд Арабиясының Йеменнің әскери емес бейбіт халқы өмір сүретін аудандарына әуе шабуылдарын күшейтуі оның жеңіліс тауып, дәрменсіздікке ұшырағанынан туындап отыр деп айтқан жөн.

Арабстанның қылмыстары БҰҰ-ның Йемен дағдарысын шешуде табысты шара қолдана алмай, Сауд Арабиясының әрекеттеріне қолдау көрсету арқылы іс жүзінде Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарына рұқсат берген жағдайда күшейе түсті. Арабстанның 2015 жылдың наурыз айында АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауымен бұл елдің қызметінен кеткен президенті Абд-Раббо Мансур Хадиді билік басына қайтару сылтауымен басталған Йеменге қарсы шабуылдары салдарынан басым бөлігін әйелдер мен балалар құраған 11 000-нан астам бейбіт тұрғын қаза болып, миллиондаған адам босқынға айналған еді. Осындай жағдайда БҰҰ-ның Йеменге қатысты әрекеттерінің жаңа кезеңі қалыптасып келеді.

Йемендегі саяси дереккөздер "Ансаролла" қозғалысының Йеменнің болашақ Ұлттық бірлік үкіметімен бірігіп, өзінің баллистикалық зымырандарын бейтарап тараптарға беруге негізделген БҰҰ-ның жаңа "бейбітшілік жоспарына" сілтеме жасады. Сауд Арабиясы мен оның одақтастары Сана қаласы мен Қызыл теңіз жағалауындағы әл-Ходейда айлағына үлкен шабуыл жасау үшін дайындалып жатыр. Бұл мәселе БҰҰ-ның Сауд Арабиясының Йеменге көбірек шабуыл жасап, қарсыласу қозғалысын әлсірету бағытында қадам жасауы үшін қолайлы жағдай жасау ықтималдығын нығайта түсті. Осындай жағдайда саяси топтар егер БҰҰ-ның Йемен дағдарысы жайлы дипломатиялық кеңесулерінің жаңа кезеңіндегі талпыныстары Йеменнің отставкаға кеткен президенті Абд-Раббо Мансур Хадидің билік басына қайта оралуы заңды түрде қабылданып, соңғы айларда Йеменнің халықтық күштері тарапынан құрылған бұл елдің заңды ұйымдары мен органдарын әлсірету мақсатын көздесе, БҰҰ-ның бұл шаралары Йемен дағдарысын шешуге мүлдем көмектесе алмайды деп санайды.