Әл-Ақса батальондары сионистік режимнің қоқан-лоққыларына қатаң жауап қайтарады
Палестиналық «Фатх» қозғалысының әскери бөлімшесі «Әл-Ақса» батальондары сионистік режимнің қоқан-лоққыларына қатаң жауап қайтарылатынын қуаттады.
«Әл-Ақса» батальондары мәлімдеме жариялап: «Палестина аумағынан сионист басқыншылар қуылғанға дейін кез-келген түрдегі қарсыласу – заңды әрекет. Астанасы Құдс болатын Палестина мемлекетін құру жолында қарсыласудың талпыныстары жалғасады. Қарсыласу күштеріне қарсы сионистік режимнің қоқан-лоққылары әдеттегі жағдай. Алайда Израиль бұл қоқан-лоққылардың ауыр салдарын түсінуі қажет» - деп мәлімдеді.
«Әл-Ақса» батальондары мәлімдемелерінде сионистерді «Фатх» қозғалысының жоғары мүшелеріне қарсы кез-келген іс-қимылдарға қатысты ескерту жасады. Кеше жексенбі күні сионист әскерилер қылмыстарының жалғасында «Фатх» қозғалысының мүшесі Юсуф Әл-Шаибты тұтқындаған болатын.
Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) әскери бөлімі «Шәһид Эззаддин Қассем» батальондары да бұдан бұрын қарсыласу қаруының сионистік режимге қарай әлі де бағытталатынын қуаттаған болатын.