2018 жылы Сауд Арабиясы 20 пайыз бюджет тапшылығына ие болады
Жел 20, 2017 18:43 Asia/Almaty
Сауд Арабиясы 2018 жылға арналған ел тарихындағы ең үлкен бюджетін бекітті. Бұл бюджет 20 пайыз тапшылыққа тап болды.
Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдул Азиз министрлер кеңесінде аталмыш мемлекеттің 2018 жылғы бюджеті туралы мәлімдеп, оның 50 пайызының мұнайға иек артпай дайындалғанын қуаттады.
Сауд Арабиясының «Okaz» газеті: «Сауд Арабиясының кіріс көлемінің 783 миллиард саудиялық риалды (208 миллиард доллар), шығынының 978 миллиард саудиялық риалды (260 миллиард доллар) құрайтыны есептелді. Сауд Арабиясының 2018 жылға арналған бюджетінің есебіне сәйкес, елдің 195 миллиард саудиялық риал (52 миллиард доллар) тапшылығы бар» - деп жазды.