Сионистік режим палестиналық шерушілермен күресте улы газ қолданған
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i33215-Сионистік_режим_палестиналық_шерушілермен_күресте_улы_газ_қолданған
Сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторында палестиналық шерушілермен күресте белгісіз улы газ қолдануы салдарынан көптеген шерушілер қатты зардап шегіп, ес-түстен айрылған.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 23, 2017 12:00 Asia/Almaty
  • Сионистік режим палестиналық шерушілермен күресте улы газ қолданған

Сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторында палестиналық шерушілермен күресте белгісіз улы газ қолдануы салдарынан көптеген шерушілер қатты зардап шегіп, ес-түстен айрылған.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы жұма күні кешке палестиналық шерушілердің белгісіз улы газбен уланғаннан кейін, ауруханаларға жатқызылғанын мәлімдеп: «Сионистік әскерилер жуырдағы палестиналық шерушілермен қақтығыстарында жаңа әрі белгісіз улы газ қолданған. Ақпарат құралдарының мәліметтеріне сәйкес, жұма күні Газа секторында сионистік режимнің әскері мен шерушілердің арасында орын алған қақтығыстар салдарынан 2 палестиналық шәһид болып, 150-ге жуық адам жарақат алған",- деді.