Йеменнің жаңа теңіз зымырандық кешенінің тұсаукесер рәсімі өтті
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i33371-Йеменнің_жаңа_теңіз_зымырандық_кешенінің_тұсаукесер_рәсімі_өтті
Йемен армиясы сәрсенбі күні осы елдің "Мандеб-1" деп аталатын жаңа зымырандық кешенінің тұсаукесерін өткізді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 28, 2017 11:52 Asia/Almaty
  • Йеменнің жаңа теңіз зымырандық кешенінің тұсаукесер рәсімі өтті

Йемен армиясы сәрсенбі күні осы елдің "Мандеб-1" деп аталатын жаңа зымырандық кешенінің тұсаукесерін өткізді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йемен армиясы жаңа зымырандық кешенінің теңіздегі объектілерді жоюда жоғары қабілетке ие екенін  қуаттап: "Мандеб-1" зымырандық кешенін жасауда дұшпан анықтай алмайтын технология қолданылған. Осы уақытқа дейін Йемен күштерінің зымырандық қабілеті туралы жарияланған ақпараттар бұл ел армиясы күш-қуатының тек шағын бөлігі ғана.  Йемен күштері ешкім ұзақтығы мен бұзу қуатын болжай алмайтын зымырандарға ие",-деді.