Сауд Арабиясының СІМ Израиль режимін ресми түрде мойындайтынын мәлімдеді
Қаң 07, 2018 12:29 Asia/Almaty
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі: "Израильдік-палестиналық дауды шешу үшін араб елдері Израильді ресми түрде мойындайтын болады",- деді.
Fars ақпарат агенттігінің сенбі күні Quds News ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Сауд Арабиясының Сыртқы істре министрі Адел әл-Джубейр Франция телеарналарының біріне берген сұхбатында: "Араб елдері Бахрейнде өткен конференциядан кейін Палестина мәселесін шешкеннен соң Израильді ресми түрде мойындайтыны туралы шешім қабылдады",- деп мәлімдеді.
Адель әл-Джубейр ИИР-ға қарсы ортақ әрекеттерге қатысты сөзінде Сауд Арабиясы мен Израильдің ортақ мүдделерге ие екенін мәлімдеді.