Иран Бағдадта лаңкестік жарылыстарды жасаушылардың әрекеттерін айыптады
(last modified Mon, 15 Jan 2018 15:54:08 GMT )
Қаң 15, 2018 21:54 Asia/Almaty
  • Иран Бағдадта лаңкестік жарылыстарды жасаушылардың әрекеттерін айыптады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ирак астанасы Бағдадта лаңкестік жарылыстар жасаушылардың әрекеттерін айыптады.

Дүйсенбі күні таңертең Бағдадта Al-Tairan ауданында екі жанкештінің шабуылы салдарынан екі лаңкестік жарылыс болды. Press TV ақпарат арнасы осы екі лаңкестік жарылыстан қаза тапқандардың санын 38, жараланғандардың санын 100 адам деп хабарлады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Ирактың үкіметі мен халқына, әсіресе осы лаңкестік қылмыста құрбан болғандардың туған-туысқандарына көңіл айтып, Иранның Ирак үкіметі мен халқының осы елден тыс жердегілерге бағынышты тәкфирлік-лаңкестік топтардың экстремистік ойларынан туындап отырған терроризммен қатаң күресін түрде қолдайтынын қуаттады.

 

Тегтер