Йеменде елуге жуық адам дифтерия ауруынан көз жұмды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i33965-Йеменде_елуге_жуық_адам_дифтерия_ауруынан_көз_жұмды
Саудиялықтардың Йемен халқын әскери қоршауға алуы дифтерия ауруының өршіп, 50-ге жуық адамның көз жұмуына әкеліп соқтырды. Қаза болғандардың көбін балалар құрады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 16, 2018 18:32 Asia/Almaty
  • Йеменде елуге жуық адам дифтерия ауруынан көз жұмды

Саудиялықтардың Йемен халқын әскери қоршауға алуы дифтерия ауруының өршіп, 50-ге жуық адамның көз жұмуына әкеліп соқтырды. Қаза болғандардың көбін балалар құрады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша,  Йеменнің 23 облысының 13-і  дифтерия ауруының таралу қарсаңында тұр. Осы мәліметте айтылғандай, бұл ауру басқа өңірлерге қарағанда әл-Хадида мен Ибб облыстарында көп таралған.

Сауд Арабиясы АҚШ, БАӘ мен басқа бірнеше елдің қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан бері Йеменге шабуыл жасап, бұл елді қоршауда ұстап отыр.