Йеменде елуге жуық адам дифтерия ауруынан көз жұмды
Қаң 16, 2018 18:32 Asia/Almaty
Саудиялықтардың Йемен халқын әскери қоршауға алуы дифтерия ауруының өршіп, 50-ге жуық адамның көз жұмуына әкеліп соқтырды. Қаза болғандардың көбін балалар құрады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Йеменнің 23 облысының 13-і дифтерия ауруының таралу қарсаңында тұр. Осы мәліметте айтылғандай, бұл ауру басқа өңірлерге қарағанда әл-Хадида мен Ибб облыстарында көп таралған.
Сауд Арабиясы АҚШ, БАӘ мен басқа бірнеше елдің қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан бері Йеменге шабуыл жасап, бұл елді қоршауда ұстап отыр.