Сауд Арабиясының Йемен соғысындағы сәтсіздіктері
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i34047-Сауд_Арабиясының_Йемен_соғысындағы_сәтсіздіктері
Майдандық өзгерістер жаңа жылда Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғыс отын өршітудегі жеңіліс белгілерінің айқынырақ екендігін көрсетіп отыр. Бұл салада ақпарат тарату топтары, соның ішінде йемендік An Najmo Sageb ақпарат агенттігі сараптамаларында Сауд Арабиясының АҚШ пен араб билеушілерінің қолдауларына қарамастан, Йеменге қарсы басқыншылығында жеңіліске ұшырау аспектілерін зерттеп, қарастырды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 19, 2018 16:24 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Йемен соғысындағы сәтсіздіктері

Майдандық өзгерістер жаңа жылда Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғыс отын өршітудегі жеңіліс белгілерінің айқынырақ екендігін көрсетіп отыр. Бұл салада ақпарат тарату топтары, соның ішінде йемендік An Najmo Sageb ақпарат агенттігі сараптамаларында Сауд Арабиясының АҚШ пен араб билеушілерінің қолдауларына қарамастан, Йеменге қарсы басқыншылығында жеңіліске ұшырау аспектілерін зерттеп, қарастырды.

Йеменге басқыншылық Саудиялық коалиция үшін жүздеген танк, сауытты көліктер мен әскери техника мен құрал-жабдықты жою, Сауд Арабиясы және БАӘ-нің әскері мен олардың Йемендегі жалдамалыларының мыңдаған әскери күштерінің қаза болып, жарақаттануынан басқа ешбір пайда әкелмеді. Сауд Арабиясының АҚШ пен Батыс елдерінің рұқсатымен басқарып отырған Саудиялық коалицияның Йеменге әскери шабуылы 2015 жылы наурыздың жиырма алтысы күні кешке "Батылдық дауылы" атты әскери амалдармен елде қызметінен кеткен Абд-Раббу Мансур Хади үкіметінің билігін қайтару сылтауымен басталды. Сәтсіздікке ұшыраған әскери амалдар басталғаннан бірнеше күннен соң оның атауы "Үміттің жандануы", кейін "Алтын найза" деп өзгерді. Сауд Арабиясы мен оның аймақтағы одақтастарының Йеменге қарсы жеңіліс тапқан басқыншылығы әсіресе экономикалық және адами тұрғыдан көп шығын келтірді.

Бұл елдердің басында Мұхаммад ибн Салман басқарып отырған Йемен халқын күнделікті күнкөріс үшін осы елдің әскері қатарына қосылуына мәжбүр ету мақсатында бағаларды көтеріп, халықтың әл-ауқатын төмендету арқылы кедейшілікке ұшыратқан Сауд Арабиясы тұр. Сауд Арабиясының әскері Йемен әскері және халықтық комитеттерімен қақтығыста жеңіліске ұшырауының жалғасында саудиялық әскерилердің орнына соғысу үшін әртүрлі аймақтардан, әсіресе Африка, соның ішінде Судан мен Эритрея және т.б. елдерден көбірек жалдамалыны қызметке алуға талпыныс жасады. Бірақ бұл әскерилердің сүйектері өз елдеріне қайтарылғанда олардың отбасылары перзенттерін Йеменге жіберген елдерінің билеуші режимдерді айыптады. Сауд әулеті режимі осындай экономикалық және адами тұрғыдағы жеңілісінен кейін адамдарды міндетті әскери қызметке алуға мәжбүр болды. Сауд Арабиясы өз халқының өмір сүріп жатқан ауыр экономикалық жағдайын өзінің әскери мүдделері үшін пайдаланды. Йемен соғысындағы соңғы саяси және майдандық өзгерістерді зерттеу бұл екі салада да Саудиялық басқыншы коалицияның сәтсіздікке ұшырағанын көрсетіп отыр. Саудиялық коалиция Йеменге соғыс таңудан өзінің ешбір әскери және саяси мақсаттарына жете алмауымен қатар, соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда осы екі саяси және әскери салада одан бетер әлсіреп, төмен құлдырады. Әскери салада Сауд Арабиясы батыстық және араб одақтастарына кемінде екі аптаның ішінде аяқтауға сөз берген соғысқа келетін болсақ, қазір соғыстың жалғасып жатқанына шамамен үш жыл болды. Сондықтан басқыншы үкіметтерге, әсіресе Сауд Арабиясына орасан шығын әкелген соғыс осы ел үшін үлкен жеңіліс саналады. Сауд Арабиясы сонымен қатар Йеменге әскери басқыншылық жасау арқылы йемендіктерге Асир, Наджран және Джизан облыстарына енуге рұқсат берді. Сауд Арабиясының бұл облыстарды басқару рұқсатының 90 жылдардың басында аяқталуымен олар йемендік саналғанымен, Сауд Арабиясының Йеменнің сол кездегі үкіметіне ауызбастырық беруінің жалғасында Сауд әулетінің йемендік үш облысты басып алу мәселесіне көзжұмбайлық танытылып, оларды Йеменге қайтарудан бас тартып келген болатын. Сондықтан, егер бұл мәселені осы тұрғыдан қарайтын болсақ, Сауд Арабиясының Йемен соғысындағы әскери әрекеттерінің дәптерінде тағы бір заң бұзушылық тіркеліп отыр.

Осыған байланысты арабстандық саяси белсенді Моджтаһад былай дейді: "Сауд Арабиясының әскері Йеменге қарсы соғыста әскери, саяси және барлау тұрғысынан жеңіліске ұшырады. Йеменнің "Ансаролла" қозғалысы бұл соғыстың жеңімпазы саналады".

Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының Йеменге үздіксіз әуе шабуылдарын жасауы, бейбіт тұрғындарды өлтіруі, "әл-Каида" мүшелеріне қолдау көрсетуі, ДАИШ-тың Йеменде орналасуына жағдай жасауы, осының барлығы – Сауд әулеті режимінің Йеменнің реовлюцияшыл халқының алдындағы дәрменсіздігінің белгілері. Арабстан Йеменге таңылған соғысты бастағаннан-ақ жеңіліс тапқан болатын.