Қаңтар айында 520 палестиналық, соның ішінде 92 бала құрықталған
Палестина тұтқындары жөніндегі зерттеу орталығы сионистік режим әскерилерінің өткен қаңтар айында 520 палестиналықты құрықтағанын хабарлады.
Палестина ақпарат тарату агенттігінің мәліметі бойынша, Палестина тұтқындары жөніндегі зерттеу орталығының баспасөз хатшысы Рияд Ашғар жұма күні берген есебінде өткен айдың ішінде жүздеген палестиналықтың, соның ішінде 92 бала мен 18 әйелдің тұтқындалғанына тоқталып: "Газа секторында 18 адам, соның ішінде 6 балықшы мен басқа шекаралық аймақтарда тағы 12 адам құрықталды",- деді.
Палестина тұтқындары жөніндегі зерттеу орталығының баспасөз хатшысының айтуынша, сионистік басқыншылар 2017 жылы кемінде 170 палестиналық әйел мен баланы тұтқынға алған.
Сонымен қатар сионистік режимнің соттары өткен айда палестиналықтарды тұтқындау туралы 100 үкім шығарған.
Сионистік режим Палестина Парламентінің өкілі Халида Джаррарды тұтқынға алу мерзімін екінші рет алты ай мерзімге дейін созды.
Палестинаның адам құқықтары жөніндегі Al Damyr тобының мәліметтеріне сәйкес, 7000-ға жуық палестиналық сионистік режимнің абақтыларында ең нашар жағдайларда тұтқында жатыр.