Тель-Авивте Нетаньяхуге қарсы шеру өтті
Сионистік режим кабинетінің жемқорлығына наразылық білдіріп, шеруге шыққан жүздеген адам кабинет мүшелерінің отставкаға кетуін талап етті.
Жүздеген израильдік Тель-Авивте Израиль премьер-министрі Бениямин Нетаньху мен кабинетінің жемқорлығына наразылық білдіріп, шеруге шықты. Шерушілер қолдарына Израиль кабинетін айыптаған сөздер жазылған плакаттар ұстап, кабинет мүшелеріне қарсы ұрандар айтып, Израиль кабинетінің мүшелерінен отставкаға кетуді талап етті.