Иракты қайта құруға көмектесу экстремистердің қайта пайда болуына тосқауыл жасайды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i34819-Иракты_қайта_құруға_көмектесу_экстремистердің_қайта_пайда_болуына_тосқауыл_жасайды
Кувейтте өткен "Иракты қайта құру" атты халықаралық конференцияға қатысқан ирандық делегация: "Иракты қайта құруға көмектесу экстремистердің қайта пайда болуына тосқауыл болады",-деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 15, 2018 14:33 Asia/Almaty
  • Иракты қайта құруға көмектесу экстремистердің қайта пайда болуына тосқауыл жасайды

Кувейтте өткен "Иракты қайта құру" атты халықаралық конференцияға қатысқан ирандық делегация: "Иракты қайта құруға көмектесу экстремистердің қайта пайда болуына тосқауыл болады",-деп қуаттады.

ИИР Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф бастаған ирандық делегация осы конференцияда халықаралық қауымдастықты Ирак халқына бүкіл әлем атынан лаңкестермен күресте алғы шепте болып, ауыр шығын төлегені үшін қарыздар деп атады.  

Ирандық делегация "Иракты қайта құру" атты конференцияға қатысқан барлық тараптарды қысқа мерзімді саяси мақсаттар мен геосаяси алғышарттарды қойып, аймақ пен одан тыс жерлердің тұрақтылығын қалайтын барлық елдердің мүдделеріне сай ірі іске зейін қоюға шақырды.

Сонымен қатар ирандық делегация ДАИШ-тың Бағдад пен Эрбильге қарай қозғалуын тоқтатуды сұраған Ирактың өтінішіне жауап берген алғашқы елдің Иран болғанын айтып: "Ирандық белсенділер бұрынғыдай Иракпен энергетика мен инфрақұрылым салаларында  тауар мен тиісті техникалық білім беру арқылы әріптестік жасауға дайын",-деді.