Сионистік қалашықтардың тұрғындары әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады
Ақп 25, 2018 21:48 Asia/Almaty
Сионистік режим қалашықтарының тұрғындары әл-Ақса мешітінің әртүрлі бөлімдеріне тағы шабуыл жасады.
Сионистік қалашықтардың тұрғындары жексенбі күні сионистік әскерилердің қолдауымен әл-Ақса мешітіне шабуыл жасап, Исламға қарсы ұрандар айтты. Әл-Ақса мешіті қасиетті Құдс қаласының исламдық-палестиналық болмысқа ие негізгі символы ретінде әрқашан сионистік режимнің қирату әрекеттерінің нысанына алынды. Сонымен қатар сионистік әскерилер Иордан өзенінің әртүрлі аймақтарына шабуыл жасап, бес палестиналықты қамауға алды.