Дамасктің Шығыс Ғуте аймағындағы бейбіт тұрғындар лаңкестер үшін адами қалқан саналады
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі Иранның өкілі: "Сирия астанасы Дамасктің Шығыс Ғуте аймағындағы бейбіт тұрғындар лаңкестер үшін адами қалқан саналады",- деді.
Иранның өкілі Мохсен Ғанэи жұма күні Женевада өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырысында батыстың ақпарат құралдарының Шығыс Ғутедегі Сирия әскерінің лаңкестерге қарсы әскери амалдарына қарсы кеңістік тудыруын сынға алып: "Мергендер қауіпсіз деп танылған өткелге жақын маңда орналастырылып, бейбіт тұрғындардың Шығыс Ғуте аймағынан шығуына тосқауыл жасауда",- деді.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестегі Иранның өкілі "ұстамды" топтардың "Тахрир аш-Шам" ("ан-Носрат" майданы) атты топтың лаңкестерімен тығыз әріптестігіне тоқталып: "Қауіпсіздік кеңесі жуырда бірауыздан Сирияда шұғыл түрде атысты тоқтату бітімін орнатуды қамтитын №2401 қарарды бекітті. Алайда лаңкестік топтар Дамасктің тұрғын аудандары мен Сирия үкіметінің қол астындағы басқа да аймақтарға шабуыл жасауда",- деді.
Мохсен Ғанэи Сирияның жағдайының тек ұлттық келіссөздер өткізу арқылы ғана шешілетінін баяндап: "Бұл мәселе халықтың таңдауы құрметтеліп, Сирия үкіметі мен халықаралық қауымдастықтың қолдауымен жүзеге асырылған ұлттық пікірлестік жобасы арқылы қарастырылады",- деді.