Дамасктің Шығыс Ғуте аймағындағы бейбіт тұрғындар лаңкестер үшін адами қалқан саналады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i35231-Дамасктің_Шығыс_Ғуте_аймағындағы_бейбіт_тұрғындар_лаңкестер_үшін_адами_қалқан_саналады
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі Иранның өкілі: "Сирия астанасы Дамасктің Шығыс Ғуте аймағындағы бейбіт тұрғындар лаңкестер үшін адами қалқан саналады",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 03, 2018 11:15 Asia/Almaty
  • Дамасктің Шығыс Ғуте аймағындағы бейбіт тұрғындар лаңкестер үшін адами қалқан саналады

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі Иранның өкілі: "Сирия астанасы Дамасктің Шығыс Ғуте аймағындағы бейбіт тұрғындар лаңкестер үшін адами қалқан саналады",- деді.

Иранның өкілі Мохсен Ғанэи жұма күні Женевада өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырысында батыстың ақпарат құралдарының Шығыс Ғутедегі Сирия әскерінің лаңкестерге қарсы әскери амалдарына қарсы кеңістік тудыруын сынға алып: "Мергендер қауіпсіз деп танылған өткелге жақын маңда орналастырылып, бейбіт тұрғындардың Шығыс Ғуте аймағынан шығуына тосқауыл жасауда",- деді.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестегі Иранның өкілі "ұстамды" топтардың "Тахрир аш-Шам" ("ан-Носрат" майданы) атты топтың лаңкестерімен тығыз әріптестігіне тоқталып: "Қауіпсіздік кеңесі жуырда бірауыздан Сирияда шұғыл түрде атысты тоқтату бітімін орнатуды қамтитын №2401 қарарды бекітті. Алайда лаңкестік топтар Дамасктің тұрғын аудандары мен Сирия үкіметінің қол астындағы басқа да аймақтарға шабуыл жасауда",- деді.

Мохсен Ғанэи Сирияның жағдайының тек ұлттық келіссөздер өткізу арқылы ғана шешілетінін баяндап: "Бұл мәселе халықтың таңдауы құрметтеліп, Сирия үкіметі мен халықаралық қауымдастықтың қолдауымен жүзеге асырылған ұлттық пікірлестік жобасы арқылы қарастырылады",- деді.