Ғасеми: Сауд Арабиясы Францияның қаруларымен Йеменге шабуылын әлі жалғастыруда
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Франция Сыртқы істер министрінің Иранның Йеменде қару жарақтарының көптігі туралы уәждеріне білдірген реакцияда: «Иранның Йемен дағдарысына еш қатысы жоқ. Сауд Арабиясының Йеменге шабуылы Францияның қару-жарақ көмегінің арқасында жалғасып жатыр»,-деді.
Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан сәрсенбі күні осы ел Парламентінің халықаралық қатынастар комитетінде «Йемендегі соғысты назарға алып, неліктен Париж Сауд Арабиясы мен БАӘ-не қару‑жарақ сатуын тоқтатпайды?» деген сұраққа жауап беруден жалтарып: «Йеменде Иранның қаруы көп»,-деді.
Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні Иранның Йемен дағдарысында ешқандай рөлі жоқтығын баса айтып, Йеменнің басқыншылар тарапынан толығымен қоршауға алынғанын баршаның білетінін айтып: «Бұл дағдарыс саудиялықтардың шабуылымен басталып, Франция мен басқа кейбір трансаймақтық елдердің қару‑жарақпен көмектесуінің арқасында жалғасып жатыр. Кейбір елдердің басшылары өз қоғамы мен зиялыларының аймақтағы басқыншы елдерге дамыған қару‑жарақтың қалың легін неліктен жіберіп жатқаны туралы сұрағына жауап бере алмағанда өз кінәсін өзгеге жауып, басқаларды аймақта дағдарыс тудырды деп айыптайды»,-деді.