Сирия лаңкестерге стратегиялық соққы беруде
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i35581-Сирия_лаңкестерге_стратегиялық_соққы_беруде
Сирия армиясы лаңкестер мен сириялық қарулы наразы топтармен күресте жеңістері мен сәттіліктерін жалғастырып, Дамаск облысының Шығыс Ғуте ауданында осы топтардың бақылауында болған стратегиялық елді мекендерге кірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 16, 2018 19:39 Asia/Almaty
  • Сирия лаңкестерге стратегиялық соққы беруде

Сирия армиясы лаңкестер мен сириялық қарулы наразы топтармен күресте жеңістері мен сәттіліктерін жалғастырып, Дамаск облысының Шығыс Ғуте ауданында осы топтардың бақылауында болған стратегиялық елді мекендерге кірді.

Сириялық қарсыластарға тиесілі ақпарат көздері Сирия армиясының Шығыс Ғуте ауданындағы ілгерілеушіліктерін жалғастырып, сәрсенбі күні кешке Хамурия стратегиялық елді мекеніне кіргенін мойындады. Шығыс Ғуте Сирияның астанасы Дамаск қаласына жақын стратегиялық аудан болып табылады. Ол лаңкестік топтардың қолында. Сирия армиясының бөлімшелері 16 күн бойы лаңкестердің позицияларына шабуыл жасау арқылы Шығыс Ғутедегі көптеген елді мекенді лаңкестердің қолынан азат етті.  Сирия армиясының Шығыс Ғуте ауданында ілгерілеушілігі әлі жалғасуда. Осындай жағдайда Сирия Парламентінің өкілдері Дамасктың АҚШ Президенті Дональд Трамптың Сирияға қарсы кез келген әрекетіне төтеп беруге толық дайын екенін қуаттады. Саяси сарапшылар да РФ Президенті Владимир Путиннің лаңкестік пен олардың әлемдегі демеушілерін нысанаға алуға бағытталған осы елдің жаңа зымырандық қуаты туралы жуырдағы сөздеріне сілтеме жасап, АҚШ пен Еуроодақтың Сирияға қарсы үстеме қоқан-лоққыларының ауыр салдарлары болады деп санайды.

«Raialyoum» газетінің интернет сайты Абдулбари Атван жазған мақалада: «Ресей басшыларының  АҚШ-тың Сирияға кез келген шабуылына реакция білдіретіні туралы ескерткенін, АҚШ Президентінің өз үкіметінде жасаған жаңа тағайындаулары мен Сириядағы соғыстың сегізінші жылға аяқ басқанын ескерсек, Сирия қауіпті өзгерістердің алдында тұр. Бұл Ресей мен АҚШ арасындағы текетірестің кеңейе түсуіне себеп болып отыр»,-дейді. 

АҚШ-тың жаңа қоқан‑лоққысы, яғни Сириядағы қақтығыстар сахнасына көбірек қатысатынын айтуы мен Дамаскты Шығыс Ғутеде химиялық қару пайдаланды деп айыптауын қайталауы Вашингтонның Сирия үкіметінің қарулы тәкфирлік топтарды толығымен жеңуінің алдын алу үшін әрекет жасап, кеңістік тудыруға шындап кіріскенін көрсетеді. Шығыс Ғутеде орын алған оқиғаларға саяси сараптама жасағанда лаңкестік-тәкфирлік топтардың кейбір әрекеттері Батыс елдері мен Сауд Арабиясының Сирия өзгерістеріндегі ойынның тетігін сақтау және Сирия астанасына қауіп төндіру үшін базаларды сақтап қалуға бағыттаған соңғы талпыныстары деп аталды. Дамаск облысындағы кейбір әрекеттер лаңкестердің Сирияның әртүрлі өңірлерінде жеңіліске ұшырағаннан кейінгі соңғы үміті болды. Бұл облыстың азат етілуі Сириядағы соғыс үдерісін осы елдің армиясы мен халықтық күштерінің мүддесіне қарай өзгертеді. Лаңкестердің Дамаск облысында толығымен жеңіліс табуы Сирияның заңды үкіметінің позициясын бұрынғыдан да көбірек нығайта түседі. Сирия армиясының соңғы айларда лаңкестерге қарсы күресіндегі сәттіліктері үшін бетбұрыс нүктесі саналып, лаңкестердің Сирияның басқа өңірлерінде жеңіліс табуының жаңа кезеңін бастайды. Сол себепті Шығыс Ғутенің Сирия үкіметі тарапынан лаңкестердің қолынан азат етіліп,  тазартылуы лаңкестердің қаупінен құтылу жолындағы маңызды қадам болады. Бұл мәселе Сирия дағдарысындағы Батыс ойыншылары үшін көптеген алаңдаушылық тудырды. Сол себепті Сирия үкіметі армиясының Алепподағы жеңісі және соғыс майданындағы жағдайдың өзгеруі сияқты ұлы жеңістердің қайталануының алдын алу үшін америкалықтар іске кірісті. Осындай жағдайда америкалық басшылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сияқты органдарда дипломатиялық құралдарды қолданумен қоса, өздерінің заңсыз әскери шабуылдарының қайталану ықтималдығы жайында сөз сөйлейді. Бұл оқиға Сирияның жағдайын ушықтырып, батыстықтардың уәждеріне керісінше Сириядағы гуманитарлық апатты күшейтеді.