Түркия әскерінің әуе шабуылдары кезінде сириялық бейбіт тұрғындар қаза болды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i35583-Түркия_әскерінің_әуе_шабуылдары_кезінде_сириялық_бейбіт_тұрғындар_қаза_болды
Түркияның бомбалаушы қырғи ұшағының Сирияның солтүстігіндегі Африн қаласына жасаған әуе шабуылдары салдарынан бір топ сириялық бейбіт тұрғын қаза болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 17, 2018 11:09 Asia/Almaty
  • Түркия әскерінің әуе шабуылдары кезінде сириялық бейбіт тұрғындар қаза болды

Түркияның бомбалаушы қырғи ұшағының Сирияның солтүстігіндегі Африн қаласына жасаған әуе шабуылдары салдарынан бір топ сириялық бейбіт тұрғын қаза болды.

IRNА-ның хабарлауы бойынша, Сирия үкіметінің оппозициясына қарасты Сириядағы Адам құқығының бақылаушысы ұйымы: "Түркия әскерінің бомбалаушы қырғи ұшағының жұма күні кешке  Афринның түрлі аудандарына, әсіресе қалалық ауруханаға жасаған шабуылы кезінде кемінде 9 бейбіт тұрғын қаза болып, 200 адам жарақат алды",- деп мәлімдеді.

Бұл хабарламаға сәйкес, Түркия әскерінің кеше Африн қаласының түрлі аудандары мен айналасындағы ауылды мекендерге жасаған снарядты шабуылдары барысында көптеген бейбіт тұрғындар қаза болып, жарақат алған.

Бұл хабарламада күрдтік содырлардың өлім-жітім есебі туралы ешқандай мәлімет берілмеген.

Сонымен қатар Ердоған жұма күні Түркияның Эрзурум қаласында өткен "Әділет пен даму" партиясының алтыншы облыстық конгресінде Сирияның солтүстігіндегі, әсіресе Идлиб пен Манбидж аймақтарындағы бақылау орталықтарын күшейтетіндіктерін айтты.

Ердоған сондай-ақ Түркия қарулы күштері мен Сирияның Еркін әскеріне қарасты содырлардың Африн аймағының төрттен үш бөлігін басып алғаны туралы уәж айтып: "Афринды күрдтік содырлардан тазарту мәселесі біршама шешілді",- деді.