Палестинаның қарсыласу топтары сионизмге қарсы амалдарды қолдады
Палестина қарсыласу топтары Йордан өзенінің батыс жағалуындағы "Джанин" амалдарын қолдап, сионисттік-америкалық қастандыққа қарсы Құдс интифазасының жалғасуын сұрады.
Палестинаның қарсыласу топтары Иордан өзенінің батыс жағалуындағы "Джанин" амалдарын қолдап, сионистік-америкалық қастандыққа қарсы Құдс интифазасының жалғасуын сұрады.
Жұма күні кешке Джанин қаласындағы әскери амал кезінде бір палестиналық жас жігіт автокөлікпен бір топ сионистік әскериді басты. Соның нәтижесінде екі әскери өлтіріліп, үш әскери жарақат алды.
Al Alam арнасының хабарлауынша, Палестинаның Исламдық джихад қозғалысы Джанин қаласындағы амалдың сәтті өтуімен құттықтап, Палестина мәселесін жоюды көздеп отырған сионистік-америкалық қастандық әрекетті жою мақсатындағы қарсыласуды жалғастыруды сұрады.
Палестина қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) баспасөз хатшысы Хазем Ғасем: ""Джанин" амалдары Палестина халқының Құдс интифазасын жалғастыратынын баса айту мақсатында Трамптың шешімінен 100 күннен соң жүзеге асырылды",- деп мәлімдеді.
Al Jazeera телеарнасы "Басқыншы Израиль режимі "Джанин" амалдарын өз әскерилеріне қарсы жоспарлаған» деп мәлімдеді.