Түркияның күрд белсенділері Сирияның Африн аймағында қауіпсіз өткел ұйымдастыруды сұрады
Түркияның күрд белсенділері мен саясаткерлері Сирияның солтүстігіндегі Африн аймағында қауіпсіз өткел ұйымдастыруды сұрады.
Түркияның күрд белсенділері мен саясаткерлері "Афринді құтқару" атты конференция өткізіп, Түркия күштерінің қаланы өз бақылауына алғаннан кейінгі жағдайда рны басқару туралы ұсыныстар жасады. Бұл конференцияның қорытынды жолдауында Африн қаласының тұрғындарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету қажеттілігі мен бұл қалаға кіріп-шығу қатынасын жеңілдету үшін қауіпсіз өткелдер ұйымдастыруды қуаттады.
Африннен қарулы адамдарды шығарып, қаланы басқаруды қала тұрғындарына тапсыру, сондай-ақ азаматтық ұйымдар қадағалайтын жергілікті сайланған кеңес құру конференцияға қатысушылардың келесі талаптарына жатады.
Түркия армиясы әрқашан "Сирияның азат армиясы" деп аталған қарулы топпен ынтымақтастық жасап, 2018 жылдың қаңтар айының 20-нан Африндағы лаңкестікпен күресті ресми мәлімдеме шығарылмай жатып бастап кетті. Сирия Сыртқы істер министрлігі Түркия армиясы күштерінің Сирияның Алеппо облысындағы Африн қаласына жасаған шабуылын айыптап: "Түркияның бұл әрекеті Сирияның ұлттық егемендігін бұзу",- деп мәлімдеді.
Түркияның күрд саяси белсенділерінің Африн қаласында қауіпсіз өткелдер ұйымдастыру туралы сұрауы Түркияны жақтайтын содырлар мен аймақтағы басқа наразы топтардың зорлық-зомбылықтарына қатысты мәселе. Осыған дейінгі тәжірибелер қарулы күштердің әртүрлі қалаларға кіргеннен кейін тұрғындарына азап-қорлық көрсеткенін мәлім етті.
ДАИШ лаңкестерінің экстремистік әрекеттерінің үлгісі ретінде бұл топтың жаңа аймақтарды басып алып, ерлер мен жастарды өлтіріп, әйелдерді құлдыққа әкетуін айту керек. Басқа топтардың әрекеттерінен зорлық-зомбылық азырақ байқалғанымен, азаматтарыдың үйлерінен кетіп, мүліктерінің талан-таражға салынуына себеп болды. Осы уақытта Африн тұрғындары Түркия әскерилері мен содырларының әрекеттері олар үшін орны толмас шығын қалдырады деп алаңдауда. Олар бірнеше жыл ДАИШ-тың бақылауында өмір сүрген кездегі дағдарыстардан құтылған кезде жаңа қауіп-қатерлермен кезігуден қорқуда. Бұдан бұрын сириялық тұрғындардың біразы Түркияның тұрғын айматарға жасаған әуе шабуылдарының салдарынан қаза болған.
БҰҰ-ның Адам құқығы ұйымының баспасөз хатшысы Равина Шамдасани бұдан бұрын: "Бүгінде Афринде жүздеген бала мен әйел қауіп-қатерге тіреліп отыр. Сондай-ақ, Түркияның жақтас күштері бұл аймақты бақылауға алудан бұрын бұл жерлерден кеткендер де қатермен бетпе-бер келуде",- деген болатын.
Мысыр да Афринның жағдайына қатысты алаңдаушылығын жариялады. Түркия басшыларының бұл алаңдаушылықтарға реакциясы қандай болады? Қалай болғанда да Түркия әскери әрекеттерін іске асыруымен бірге бұл аймақтардағы қарапайым халықтың өміріне жауапты екенін білгені жөн.