Сионистік әскерилердің Хан-Юнеске шабуылы салдарынан бір палестиналық шәһид болды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i35834-Сионистік_әскерилердің_Хан_Юнеске_шабуылы_салдарынан_бір_палестиналық_шәһид_болды
Сионистік режимнің әскерилері Газа секторындағы жұма күнгі наразылық шерулері қарсаңында осы аймақтағы бір палестиналық шаруаны шәһид етті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 30, 2018 14:33 Asia/Almaty
  • Сионистік әскерилердің Хан-Юнеске шабуылы салдарынан бір палестиналық шәһид болды

Сионистік режимнің әскерилері Газа секторындағы жұма күнгі наразылық шерулері қарсаңында осы аймақтағы бір палестиналық шаруаны шәһид етті.

30 жастағы бұл ер кісі израильдік әскерилердің оның Хан-Юнес қаласындағы егістігіне снарядтар ату салдарынан жан тапсырған. Бұл шаруаның әріптестері де снарядтық шабуылдар салдарынан ауыр жарақат алған. Израильдіктер мұның алдында Газа секторы тұрғындарына сионистік режимнің басқыншылығы мен қатыгез әрекеттеріне қарсы өткізілетін жұма күнгі шеру ұйымдастыруға қатысты ескерту жасады.