Йемен көтерілісі жоғары комитетінің басшысы саудиялық коалицияның қылмысына реакция білдірді
Саудиялық коалицияның Йеменнің батысындағы Ходейде қаласындағы босқындар лагеріне жасаған әуе шабуылы салдарынан 29 йемендік қаза болды. Осы оқиғаға байланысты Йемен көтерілісі жоғары комитетінің басшысы: "Саудиялық коалицияның қылмыстары БҰҰ-ның немқұрайдылық танытуы салдарынан іске асырылуда",- деді.
"Меһр" ақпарат агенттігінің Ливанның al-mayadeen телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша Йемен көтерілісі жоғары комитетінің басшысы әл-Хуси Твиттердегі парақшасында саудиялық коалицияның йемендік босқын әйелдер мен балаларға қарсы соғыс қылмыстарының жалғасуына тоқталып: "Босқындарды нысанаға алу әл-Хохе аймағындағы судандық жалдамалы әскеридің йемендік қызға қарсы ахлақтық бұзақылығы сияқты айыпталатын жайт",- деді.
Әл-Хуси сондай-ақ, саудиялық коалицияның әскери ұшақтарының Ходейде қаласындағы босқындардың лагеріне жасаған әуе шабуылы салдарынан 29 адамның қаза болуына тоқталып: "Саудиялық коалцияның балалар мен әйелдер және босқындарды қырып-жою әрекеттері 3 жыл бұрын басталып, осы уақытқа дейін жалғасуда",- деп баса айтты.