Басқыншылар алдағы күндері тосын оқиғаларға көбірек ұшырайды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i36134-Басқыншылар_алдағы_күндері_тосын_оқиғаларға_көбірек_ұшырайды
Йемен армиясының ақпарат өкілі Шараф Лоғман: "Эр-Рияд, Джизан, Наджран мен Асирдың әскери, экономикалық және инфрақұрылымдық нысандарына зымыран және ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасалған соң алдағы күндері басқыншылар одан ары қапыда қалатын болады",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 12, 2018 12:55 Asia/Almaty
  • Басқыншылар алдағы күндері тосын оқиғаларға көбірек ұшырайды

Йемен армиясының ақпарат өкілі Шараф Лоғман: "Эр-Рияд, Джизан, Наджран мен Асирдың әскери, экономикалық және инфрақұрылымдық нысандарына зымыран және ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасалған соң алдағы күндері басқыншылар одан ары қапыда қалатын болады",-деді.

Шараф Лоғман сәрсенбі күні кешке Al-Massirah телеарнасына берген сұхбатында йемендік күштердің дұшпанның әскери және экономикалық нысандарын қалай нысанаға алу керектігін білетінін айтып: "Сәрсенбі күнгі зымыран және ұшқышсыз ұшақтармен жасалған шабуылдардан кейін армия мен халықтық комитеттер өздерін қуаттырақ кезеңге дайындап жатыр",-деді.

Йемен армиясының ақпарат өкілі бұл армияның басқа кезбен салыстырғанда мықтырақ екенін айтып: "Қасед" ұшқышсыз ұшағының Абха әуежайына шабуылы осы ұшақтарды пайдалану бөлімінде зымыранның қабілетін арттыру үшін жасалған  стратегиялық қадам болып табылады",-деді.

Йеменнің ұшқышсыз ұшақтар бөлімшесі сәрсенбі күні Сауд Арабиясының Асир қаласындағы Абха әуежайы мен Джизандағы Арамко мұнай кенішін нысанаға алды.

Йемен халықтық күштерінің зымырандық бөлімшелері, сондай-ақ,  Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігі мен басқа да объектілерді "Беркан Н2" зымыранымен нысанаға алғанын хабарлады.