Араб одағының отырысында Арабстан Иранға қарсы кеңістік тудырды
(last modified Mon, 16 Apr 2018 11:10:01 GMT )
Сәу 16, 2018 17:10 Asia/Almaty
  • Араб одағының отырысында Арабстан Иранға қарсы кеңістік тудырды

Араб елдері басшыларының 29-шы отырысы жексенбі күні Катар әмірі мен Оман сұлтанының қатысуынсыз Сауд Арабиясының шығысындағы Дахран қаласында өтті.

Палестина мәселесі, Сирия, Йемен мен Ливиядағы өзгерістер, лаңкестікпен күрес, араб елдері арасындағы қайшылықтар мен "Иранның аймақтағы араласушылық әрекеттері" деп аталатын мәселе осы отырыста талқыланған тақырыптардың қатарын құрады.

Араб одағына мүше елдер басшыларының отырысын өткізіп, отырыстың қорытынды мәлімдемесін жариялауды Рияд үкіметінің аймақтағы өзінің қауіпті араласушылық әрекеттерін ақтау үшін өз кінәсын басқаға таңуға бағытталған асығыс талпынысы ретінде бағалауға болады.

Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдулазиз әл Сауд Дахран отырысында Иранның Йемендегі хусилерге қолдау көрсететіндігіне сілтеме жасап, Иранға қарсы дұшпандық ұстанымдарын қайталап, Иранды лаңкестікке қолдау көрсетіп, аймақта тұрақсыздық тудыруда деп айыптады.

Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің АҚШ пен Ұлыбритания жіберген қару-жарақтармен жасап жатқан шабуылдары салдарынан Йемен халқы қаза болып жатқан жағдайда Сауд режимі Иранға аймақтағы араб елдерінің ішкі істеріне араласуда деген негізсіз айып тағып отыр. Саудиялық үкіметтің Иранға қарсы саяси және үгіт-насихаттық әрекеттері мен оның Араб одағында өзінің саяси кінәларын басқаға таңуын Сирия мен Ирактағы лаңкестердің майдандағы жеңілістерінен кейін Йемен соғысындағы жеңілісі мен сәтсіздіктерін бүркемелеу мақсатындағы өз кінәсін басқаға таңу деп атауға болады.

Бүгінде Палестина мәселесі ислам әлемінің ең маңызды мәселесі ретінде сионистік режим мен АҚШ-тың астыртын әрекеттерінің салдарынан басқыншылық кезеңнен тағдыр шешуші кезеңге таяды.

Мұндай жағдайда қоғамдық пікір Араб одағының ел басшылары деңгейінде өткізген отырысынан Йемен мен Газа секторы халқының нашар жағдайын қарастыратынын күткен жоқ. АҚШ пен одақтастарының Сирияға ашық түрдегі басқыншылығына байланысты кейбір араб елдері Израильді қолдап, АҚШ пен Ұлыбритания және Францияның сенбі күні таңертең Сирияға жасаған шабуылын жақтайтын ұстаным білдірді.

Дахран отырысының қорытынды мәлімдемесі бұл одақтың Сауд Арабиясының соғысты өршітуді көздеген мақсат-мүдделеріне қызмет ететін құралға айналып, ислам әлемінің бірінші мәселесін, яғни Палестина мәселесін шешу үшін анық жоспарының жоқ екендігін және Араб одағының негізін қалаушылардың бірі Сирияға қарсы соғысқұмарлықты айыптаудың орнына, басқыншылардың Сирия үкіметін құлатуды қолдайтынын көрсетті. Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасемидің пайымдауынша, аталмыш отырыстың қорытынды мәлімдемесінің тарауларынан Сауд Арабиясының бүлдіргі саясаттарының ізі байқалады.

Осындай шындықтар мен екіұштылықтарға байланысты Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Велаяти Сауд Арабиясы үкіметінің қысымымен Араб одағы басшылары отырысын өткізуді саяси тұрғыдан мүлдем заңсыз деп атап: "Араб одағы басшыларының отырысы саудиялық үкімет тарапынан ұсынылған мәлімдемеден басқа ешнәрсені мақсат еткен жоқ. Сондықтан оның ешқандай заңды күші жоқ",- деді.

ИИР-ның басқыншылардан мазлұмды қорғауда ерік-жігермен әрекет ететіні және қысымның ықпалында енжар, сылбыр позиция ұстанбайтыны анық.

 

 

 

Тегтер