Сауд әулеті мен Израильдің қарым-қатынасы әшкереленді
"Әл-Минар" газеті өз мәлімдемесінде Сауд Арабиясы Королінің саудиялықтар мен Израиль арасындағы қарым-қатынастардың инженері екені туралы баяндап: "Сауд Арабиясының қазіргі Королі 1990-шы жылдардың басынан Израильмен қарым-қатынас орнатқан",- деп жазды.
Палестинаның "Әл-Минар" газеті өз мәлімдемесінде хабардар көзге сүйеніп: "Сауд Арабиясының қазіргі Корлі Салман бен Әбдел Әзиздің Израильмен құпия қатынас орнатуы ол Риад Әмірі болған кезден басталды. Ол өз қарым-қатынасың сионистік режимнің бұрынғы премьер-министрі Ицхақ Рабин сынды адамдармен қатынас орнатумен бастады. Ол перзенті Мұхаммад бен Салманды да Израильмен қарым-қатынас орнатуға енгізді",- деп жазды.
Бұл салада саудиялық тақ мұрагер Мұхаммад бен Салман АҚШ-тың "Атлантик" журналына берген сұхбатында: "Риадтың Израильмен ортақ мүддесі көп және израильдіктердің өз отанына ие болу құқы бар",- деді.
Бұл мәлімдеме Салман бен Әбдел Әзиз Араб лигасына мүше елдер басшыларының 29-шы саммитінде сөйлеген соңғы сөзінде өзінің алдамшы саястымен бұл отырысты "Құдс отырысы" деп атады. Сауд әулетінің мұндай бір-біріне қайшы келетін сөздері олардың араб елдері үшін үлкен ұят саналатын мәліметтерді жасыру саласындағы алдамыш әрекеттерін көрсетеді.
Қатардың "Әш-шарқ" газеті де өз мәлімдемесінде 1967-ші жылдағы арабтар мен Израиль соғысының алдында Риадтың АҚШ-ты Израильдің Мысыр мен Сирияға шабуыл жасап, палестиналық жерлерді басып алуына итермелегені туралы еске салып: "Мұхаммад бен салманның "Атлантик" журналына берген сұхбатында "израильдіктердің өз отанына ие болу құқығы бар" деп айтуы соншалықта таңғалатын жәйт емес. Өйткені Сауд Арабиясына қатысты құжаттар Риадтың 1967-ші жылғы соғыстан бұрын Израильге араб жерлерін басып алуға рұқсат еткенін анықтайды",- деп жариялады.
Таяу Шығыстағы өзгерістер қоғамдық пікірді Израиль соғыстарының Сауд әулетімен басқарылатынына назар аудартты. Сауд Арабиясы сионистік режим арасындағы қарым-қатынастарын бір қалыпқа келтіру үшін соңғы жылдарда палестиналықтарды басып-жаншу және олардың жерлерін басып алумен бірге исламдық араб аймақтарының басқа жерлерін басып алуды көздеді. Аймақтағы бітім ағымының көшбасшысы ретінде Сауд Арабиясы әрқашан араб елдері мен Израиль арасындағы қатынастарды бір қалыпқа келтіруді ойластырды.
Сауд Арабиясы сионистік режим құрылғаннан бері онымен ресми қарым-қатынас орнатпағанымен, әрқашан бұл режииммен жасырын қатынаста болып, оның аймақтағы саясаттарын қолдады. Сауд Арабиясы Батыс пен сионистердің мүдделеріне сай палестиналықтарға қарсы қадам басуда. Сауд әулетінің палестиналықтарға қарсы қиянат жасауын "араб бейбітшілік" жобасын баяндауында көруге болады. Сауд Арабиясы мен Израильдің қарсыласу қозғалысына қарсы және керісінше аймақтағы лаңкестерді қолдау саясаттары халықаралық бейбітшілік пен тұрақтлық үшін қоқан-лоққы саналатын олардың ортақ болмысын көрсетеді.