Башар Асад: Лаңкестікке қарсы соғыс Сирияны лаңкестерден толық тазартқанша жалғасады
Сирия Президенті Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасарымен кездесуінде лаңкестікке қарсы соғыстың Сирияны лаңкестерден толық тазартқанша жалғасатынын қуаттады.
ИРНА-ның мәліметінше, Башар Асад дүйсенбі күні Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансаримен Дамасктегі кездесуінде АҚШ, Британия және Францияның Сирияға жасаған жуырдағы шабуылына тоқталып: "Олардың Сирияға тікелей шабуыл жасауы лаңкестікке қарсы соғысты тоқта алмайды. Бұл мемлекеттер мен аймақтың кейбір елдері Сириядағы дағдарыстың бірінші күнінен бастап лаңкестерді қолдады",- деді.
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари да кездесуде АҚШ, Франция және Британияның зымырандық шабуылының негізгі себебін Сирия армиясы мен одақтастары күштерінің жеңістері деп атап: «Шабуыл жасаушылар жеңістердің осындай жылдамдықпен басқа аймақтарға таралуына алаңдауда",- деді.