Сионистік режимнің Соғыс министрі Иранмен қақтығысуға елінің қауқарсыздығын білдірді
Сионистік режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман сенбі күні кешке Израильдің екінші арнасына берген сұхбатында осы режим мен Иран арасында соғыс басталу ықтималы жайлы: "Тель-Авив Иранмен соғыстан ешқандай пайда таппайды",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сионистік режимнің Соғыс министрі Тель-Авив басшыларының арандатушы әрекеттері мен сөздеріне қарамастан, бұл режимнің Иранмен арадағы соғыстың алдын алу үшін кез келген іске баратыны туралы уәж айтты.
Ол сөзінің жалғасында өзінің бұрынғы уәждерін қайталап: "Иранға Сирияда орналасып, бұл елдің территориясын израильдік күштерге қарсы пайдалануға рұқсат бермейміз.
Ирандық күштер Израильге қарсы әуе кеңістікті жабу үшін зеңбірек пен зымыран қондырғысын орналастыруға талпыныстарын жалғастырып жатыр",- деді.
Ол АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен шығу ықтималына қатысты айтқан сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамптың израильдік тарапты өзінің шешімінен хабардар етпегенін мәлімдеді.