Палестинада қаза болғандар мен жараланғандардың саны артты
Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі палестиналықтар мен сионистік әскерилер арасындағы қатты қақтығыстарда кемінде 44 палестиналықтың, соның ішінде 2 баланың қаза тауып, 2 мыңнан астам адамның жараланғанын хабарлады.
Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, дүйсенбі күні АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа көшірілуімен бір мезгілде "Отанға қайта оралу және Газа қоршауын бұзу" атты миллиондаған адам қатысқан шеру өтті.
Палестиналық шерушілер Газа секторындағы Хан-Юнестің шығысында салынған буферлік қабырғаның көп бөлігін қиратты.
Ақпарат көздері сионистердің Газа секторының солтүстік шекарасындағы қайта оралу қосындары орналасқан ауданда тілшілердің көлігіне газ бомбаларымен шабуыл жасағанын хабарлады.
Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауы бойынша, сионистік режимнің әскерилері Газа секторының орта тұсында орналасқан әл-Бридждің шығысындағы медициналық орталықтарға шабуыл жасаған.
Израильдің мергендері Джебалияның шығысында шерушілерді тікелей нысанаға алған. Сионист әскерилердің бір тобы палестиналық шерушілердің сионистік режимнің Газа секторының шығысында жасаған баррикадаларына жақындағанын көріп, кері шегінген.