Саудияның бұрынғы тақмұрагері Бен Салманның ал-Хазами оқиғасында жараланғанын растады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i37288-Саудияның_бұрынғы_тақмұрагері_Бен_Салманның_ал_Хазами_оқиғасында_жараланғанын_растады
Саудиялық тақмұрагері Мохаммад Бен Салман бір айдан астам уақыт бойы көрінбей кеткеннен кейін Арабстанның бұрынғы тақмұрагері Мохаммад бен Наиф оның ал-Хазами аймағында болған оқиғада жараланғанын растады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 26, 2018 19:26 Asia/Almaty
  • Саудияның бұрынғы тақмұрагері Бен Салманның ал-Хазами оқиғасында жараланғанын растады

Саудиялық тақмұрагері Мохаммад Бен Салман бір айдан астам уақыт бойы көрінбей кеткеннен кейін Арабстанның бұрынғы тақмұрагері Мохаммад бен Наиф оның ал-Хазами аймағында болған оқиғада жараланғанын растады.

Мохаммад Бен Салман сәуір айының 21-нен бастап Рияд қаласындағы ал-Хазами аймағындағы Саудия патшасының сарайына жақын жердегі атыс оқиғасынан кейін ақпарат құралдары мен қоғамдық орталарда көрінбей кеткен болатын. Ол туралы ешқандай хабар жарияланбады, тіпті Американың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Арабстан сапары кезінде де ол БАҚ-нан көрініс таппады.

Иран Телерадио бірлестігінің сенбі күнгі мәліметіне сәйкес, Сауд Арабиясының бұрынғы тақмұрагері Мохаммад Бен Наиф Твиттердегі жеке парақшасында былай деп жазды: «Бен Салманның жарияланған суреті – бұрынғы. Ол туралы БАҚ-да хабар жарияланбайды. Бен Салманның ал-Хазами оқиғасында жарияланғаны туралы мәліметтер шындыққа жанасады. Бен Салманның жарасы жанына қатер төндіріп тұрған жоқ. Бірақ, егер оның жараланғаны әшкере болса, оның жұмыс үдерісіне қауіп төндіреді».