Израиль Қарсыласу қозғалысының қатаң жауабына ашуланды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i37414-Израиль_Қарсыласу_қозғалысының_қатаң_жауабына_ашуланды
Израильдің Юстиция министрі Палестина Қарсыласу Қозғалысының (ХАМАС) сионистік режимнің қылмыстарына берген жауабы мен базаларына 22 зымыран атқаннан кейін айтқан сөзінде Қарсыласудың жетекшілігіне соққы беру үшін барлық варианттардың қарастырылатынын, әсіресе Газаны басып алу тақырыбын күн тәртібінде тұрған мәселе деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 30, 2018 13:38 Asia/Almaty
  • Израиль Қарсыласу қозғалысының қатаң жауабына ашуланды

Израильдің Юстиция министрі Палестина Қарсыласу Қозғалысының (ХАМАС) сионистік режимнің қылмыстарына берген жауабы мен базаларына 22 зымыран атқаннан кейін айтқан сөзінде Қарсыласудың жетекшілігіне соққы беру үшін барлық варианттардың қарастырылатынын, әсіресе Газаны басып алу тақырыбын күн тәртібінде тұрған мәселе деп атады.

Al-Youm as-Saba газетінің мәліметіне сәйкес, сионистік режимнің Юстиция министрі Аелет Шакед израильдік бір радиоға берген сұхбатта Палестинаның Исламдық Қарсыласу Қозғалысы ХАМАС-тың Газаның айналасындағы қалашықтарға жасаған зымырандық шабуылдарына көрсеткен реакциясында Израильдің осы қозғалысқа соққы беру үшін күш салатынын қуаттады.

Мұның алдында да Израильдің Қауіпсіздік кабинетінің мүшесі Зеэв Элькин Тель-Авивтің соғысқұмар саясаттарының жалғасында Газаға қарсы әскери амалдарды арттыруды сұрады.

Сонымен қатар Гилад Ердан сейсенбі күні ХАМАС басшылары, әсіресе Газа секторындағы ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы Яхия Синвар өлтірілуі керек деді. Бұл бүгін таңертең сионистік режимнің қырғи ұшақтары Газа секторының әртүрлі аймақтарында Қарсыласудың 20-дан астам базасына шабуыл жасап, Қарсыласу топтары сионистер қоныстанған Газамен жапсарлас әртүрлі қалашықтарға зымыран атып жауап берген жағдайда айтылып отыр.  

Палестинаның Қарсыласу қозғалысы өткен бір тәулік ішінде басып алынған жерлерге қарай шамамен 130 зымыран атты. Соның барысында қалашықтардың 6 тұрғыны жараланды.