Маусым 13, 2018 22:17 Asia/Almaty
  • Сионистік режим палестиналықтардың ең қарапайым күрес тәсілдерінен қорқады

Сионистік режим Армиясы палестиналықтардың өрт шығаратын батпырауықтарымен күресе алмаған соң осы режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман медицинада қолданысқа ие гелий газын Газаға енгізуді шектеді.

Сионистік орталардың мойындауы бойынша, өрт шығаратын заттар қойылған батпырауықтарды тосқауылдау Израиль режимі армиясының сәтсіздіктерінің біріне айналған.

Себебі, израильдік ұшақтар ғана батпырауықтардың біразын нысанаға алуда сәттілікке қол жеткізген.

IRNА-ның сәрсенбі күнгі мәліметіне сәйкес, сионистік режим әрекеттерінің Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторындағы үйлестірушісі Камил Абуркан палестиналық шерушілердің Газа секторы мен басып алынған Палестина шекарасында гелий газы салынған өрт шығаратын баллондарды қолдануына тоқталып, баллондарды осы газбен толтыру жалғасатын болса, оны Газаға енгізудің толығымен тоқтатылатынын мәлімдеді.

 

Тегтер