Сауд Арабиясы Йеменге қарсы соғыста тыйым салынған қаруларды пайдалануда
Сауд Арабиясының әскери ұшақтары Йеменнің солтүстігіндегі Сааде облысының Китаф шаһристанының Хозван аймағын әлемде тыйым салынған кассеталық бомбалармен нысанаға алды. Сауд Арабиясы соңғы күндері Йеменнің әртүрлі аймақтарына кассеталық бомбалар тастады.
Сауд режимінің жабайы шабуылдары АҚШ-тың қолдауы мен халықаралық қауымдастықтың үнсіздік танытуына қарамастан осы режим коалициясының күштерінің сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді. Сауд Арабиясының әскери ұшақтары Йеменнің, соның ішінде Сананың көшелері мен тұрғын аймақтарына кассеталық бомбалар лақтырды. Сауд Арабиясы АҚШ пен Англияның қолдауымен Йеменге қарсы соғыста қолынан келген қылмыстардың барлығын іске асыруда. Тыйым салынған қаруларды, атап айтқанда кассеталық және фосфорлық бомбаларды пайдалану Йемен халқын көбірек қырып-жойып, бұл елге көбірек шығын келтіріп, халқының арасына үрей тудырып, оларды қарсыласудан бас тартуға мәжбүрлегісі келеді. Йемен аймақтарының көбі, әсіресе көпірлері, жолдары, мектептері мен ауруханалары Сауд Арабиясы бомбаларының нысанасына алынды. Тыйым салынған кассеталық, фосфорлық және микробиологиялық бомбалардың кең түрде қолданылуы бұл елдің Батыстың Сауд Арабиясы берген қару-жарағын сынақтан өткізетін зертханаға айналуына себеп болды. АҚШ пен Англия шығаратын бомбалардың Сауд Арабиясына сатылып, олардың Йемен халқына қарсы қолданылуы 2008-ші жылы бекітілген конвенция бойынша, оларға тыйым салынған жағдайда жалғасуда. Аталмыш конвенцияға 108 мемлекет қол қойды. Халықаралық құжатқа сүйеніп, Сауд Арабиясы бомбаларды қолданушы, Англия мен АҚШ кассеталық бомбаларды сатушылар ретінде Йемен халқына қарсы пайдаланып, әскери қылмыс жасап отыр. АҚШ пен Англия Сауд Арабиясы үшін кассеталық бомбалар мен басқа әскери жабдықтар жіберіп, Йемен халқына қарсы соғысты күшейтуде.
Халықаралық ұждан ұйымының басшысы АҚШ пен Англияның саудиялықтарға тыйым салынған қаруларды сатып жатқанын қуаттады. Джеймс Дженинигаз Сауд Арабиясының тыйым салынған қаруларды Йеменге қарсы пайдалануын халықаралық заңдарға қайшы әрі әскери қылмыс деп қуаттады. Сауд Арабиясының кассеталық бомбаларды пайдалануы Йеменнің әртүрлі аймақтарын бомбалар жарылатын майданға айналдырды.