Сионистік режимнің Соғыс министрі Месси туралы қисынсыз сөздер айтты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i37822-Сионистік_режимнің_Соғыс_министрі_Месси_туралы_қисынсыз_сөздер_айтты
Сионистік режимнің Соғыс министрі Аргентинаның футбол жұлдызы Лионель Мессидің пенальтиді қолдан жіберіп алғаны туралы қисынсыз сөздер айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 17, 2018 14:30 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Соғыс министрі Месси туралы қисынсыз сөздер айтты

Сионистік режимнің Соғыс министрі Аргентинаның футбол жұлдызы Лионель Мессидің пенальтиді қолдан жіберіп алғаны туралы қисынсыз сөздер айтты.

Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, әлемдік футбол жұлдызы Лионель Месси сенбі күні Ресейде өтіп жатқан 2018 жылғы әлем чемпионатындағы Аргентинаның Исландияға қарсы бірінші кездесуінде пенальтиді қолдан жіберіп алды. Сөйтіп, 1:1 есебімен тең түсіп, Аргентина 3 ұпайдың орнына тек 1 ұпайға ие болды.

Сионистік режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман Лионель Мессиге қатысты қисынсыз сөздер айтып: "Егер Аргентина Израильмен достық ойынға шыққанда Месси әлем чемпионатына көбірек дайындықпен барар еді. Месси тиісті дайындығы болмағандықтан пенальтиді дұрыс пайдалана алмады",-деді.

Әлемнің түкпір-түкпірінде ауқымды халықаралық қысымдар жасалып, палестиналықтар мен оларды демеушілердің наразылығынан кейін әлем чемпионатына дейін басып алынған Құдста 9 маусымда өтуі тиіс болған Аргентина футбол командасы мен Израиль командасының достық ойыны өткізілмеді.