Йемен күштері әл-Ходейдада басқыншылардың бір соғыс кемесін басып алды
Йеменнің Жоғары революциялық комитетінің басшысы жексенбі күні Йемен күштерінің әл-Ходейда жағалауында басқыншылардың бір соғыс кемесін басып алғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Әли әл-Хуси әл-Ходейда жағалауында басқыншылардың жағдайының жақсы емес екенін айтып, соғыс кемесінің Францияға немесе АҚШ-қа тиесілі болуы мүмкіндігі туралы болжам жасады.
Мұхаммад Әли әл-Хуси жуырда әл-Ходейда жағалауының басқыншылардың қабіріне айналатынын айтты.
Саудиялық басқыншы коалиция өткен сәрсенбі, 13 маусымнан бастап Йеменнің батысындағы әл- Ходейда айлағын басып алу мақсатында ауқымды шабуылдарды бастады.
Әл- Ходейда айлағы Йеменге гуманитарлық көмек жіберетін ең негізгі бағыт болып табылады.
БҰҰ Йеменнің әл-Ходейда қаласындағы оқиғаларға қатысты алаңдаушылық білдірді.