Сауд Арабиясында Иранның қажылық кезіндегі мүдделерін қорғайтын арнайы кеңсе ашылады
Иранның Қажылық және зиярат жөніндегі ұйымның басшысы Сауд Арабиясындағы қажылық істері жөніндегі жауапты тұлғаларымен арадағы алғашқы келісімдерге байланысты биылғы жылғы қажылық кезінде туындайтын мәселелер мен қиындықтарды шешу мақсатында сол елде Иранның мүдделерін қорғайтын арнайы кеңсе ашылып, зияратшылар қажылыққа аттанбас бұрын өз жұмысын бастайтыныны айтты.
IRNА ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, Иранның Қажылық және зиярат жөніндегі ұйымының басшысы Хамид Мұхаммади қажылыққа келген зияратшыларға қызмет көрсететін штаб қызметкері, дәрігер, қызмет көрсету, тасымалдау мен қонақ үйге орналастыруды жүзеге асыратын 3000-ға жуық адамның жіберілетіндігіне сілтеме жасап, Сауд Арабиясына жіберілген барлық күштердің зияратшылардың түрлі қажеттіліктеріне байланысты белгілі бір қызмет түрін көрсететіндігіне тоқталды.
Иранның Қажылық және зиярат жөніндегі ұйымының басшысы сөзінің жалғасында: "Ирандық зияратшылардың 75 пайызы жасы 50-ден асқан адамдар болғандықтан Сауд Арабиясына әйел және еркек дәрігерлерден құралған 300-ға жуық арнайы дәрігерлер де жіберіледі",- деді.
Ағымдағы жылы 85 200 ирандық зияратшы қажылыққа қатысады. Зияратшыларды Сауд Арабиясына жіберу шілденің он сегізінен басталады.