Дұшпанның Йемендегі әл-Ходейда әуежайын басып алғаны туралы уәжі теріске шығарылды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i37920-Дұшпанның_Йемендегі_әл_Ходейда_әуежайын_басып_алғаны_туралы_уәжі_теріске_шығарылды
Йеменнің әл-Ходейда облысы басшысының орынбасары саудиялық коалицияны жақтайтын ақпарат құралдарының басқыншы күштердің осы қаланы басып алғаны туралы таратқан ақпаратын теріске шығарды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 21, 2018 13:05 Asia/Almaty
  • Дұшпанның Йемендегі әл-Ходейда әуежайын басып алғаны туралы уәжі теріске шығарылды

Йеменнің әл-Ходейда облысы басшысының орынбасары саудиялық коалицияны жақтайтын ақпарат құралдарының басқыншы күштердің осы қаланы басып алғаны туралы таратқан ақпаратын теріске шығарды.

Осыдан бұрын әл-Ходейда әуежайын басып алғаны туралы жалған ақпарат таратып әшкереленген саудиялық басқыншы коалиция аса көп уақыт өтпей жатып, екінші рет бұл әуежайды басып алғаны туралы уәж айтты.

Йеменнің әл-Ходейда облысы басшысының орынбасары Абдулджаббар Ахмад Мұхаммад сәрсенбі күні  Al-Alam телеарнасына берген сұхбатында саудиялық коалицияның Йеменнің батысындағы әл-Ходейда әуежайын басып алғанына қатысты уәжі әшкере болғаннан кейінгі сөзіне реакциясында: "Дұшпаның ақпараттық-жарнамалық соғысының мақсаты – қоғамда қорқыныш тудыру.

Әл-Ходейда әуежайы Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің бақылауында. Осы қаланың оңтүстігіндегі қақтығыстардың жалғасында дұшпан жеңіліс тауып, олардың бірқатары тұтқынға түсіп, көптеген сауытты көліктері жойылды",-деді.