Дұшпанның Йемендегі әл-Ходейда әуежайын басып алғаны туралы уәжі теріске шығарылды
Йеменнің әл-Ходейда облысы басшысының орынбасары саудиялық коалицияны жақтайтын ақпарат құралдарының басқыншы күштердің осы қаланы басып алғаны туралы таратқан ақпаратын теріске шығарды.
Осыдан бұрын әл-Ходейда әуежайын басып алғаны туралы жалған ақпарат таратып әшкереленген саудиялық басқыншы коалиция аса көп уақыт өтпей жатып, екінші рет бұл әуежайды басып алғаны туралы уәж айтты.
Йеменнің әл-Ходейда облысы басшысының орынбасары Абдулджаббар Ахмад Мұхаммад сәрсенбі күні Al-Alam телеарнасына берген сұхбатында саудиялық коалицияның Йеменнің батысындағы әл-Ходейда әуежайын басып алғанына қатысты уәжі әшкере болғаннан кейінгі сөзіне реакциясында: "Дұшпаның ақпараттық-жарнамалық соғысының мақсаты – қоғамда қорқыныш тудыру.
Әл-Ходейда әуежайы Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің бақылауында. Осы қаланың оңтүстігіндегі қақтығыстардың жалғасында дұшпан жеңіліс тауып, олардың бірқатары тұтқынға түсіп, көптеген сауытты көліктері жойылды",-деді.