Иран Пәкістанның Белучистан облысында орын алған лаңкестік шабуылды айыптады
Шіл 14, 2018 11:33 Asia/Almaty
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жұма күні кешке Пәкістанның Белучистан облысындағы бір сайлаулды жиынына жасалған лаңкестік шабуылды айыптап, бұл елдің үкіметі мен халқына және оқиға құрбандарының отбасыларына көңіл айтты.
Жұма күні кешке Пәкістанның Белучистан облысының Мастунг ауданындағы "Белучистан халық партиясының" (BAP) сайлауалды басқосуын бомбалау салдарынан 130 адам, соның ішінде осы партияның жетекшісі Навабзаде Сарадж Раисани қаза болып, 150 адам жараланды.
ДАИШ лаңкестік тобы сенбі күні таңертең бұл лаңкестік жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алды.
Пәкістандағы парламенттік сайлау шілденің жиырма бесі өткізіледі.
Тегтер