АҚШ, Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің исламы екіжүзділіктен пайда болған
Йеменнің "Ансаролла" қозғалысының бас хатшысы: "АҚШ, Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің исламы шынайы Ислам дінінің қағидасына қайша келетін екіжүзділіктен пайда болған",- деді.
Йеменнің "Ансаролла" қозғалысының бас хатшысы Абдулмалек Бадраддин әл-Хуси жұма күні "Үстемшілдерге қарсы айқай" атты наразылық шерудің жылдығына орай мұсылман адамның АҚШ пен сионистік режимнің жалдамалысы бола алмайтынын баяндап: "Ислам дінінің принциптері мен құндылықтары АҚШ пен Израиль көздеп отырған нәрселермен мүлдем үйлеспейді. АҚШ пен сионистік режимнің аймақтағы әрекеттері мұсылман үмбетіне үстемдік орнату мақсатында жүзеге асып жатыр. Олар мұсылмандарға соққы беруді көздеп қана қоймай, сондай-ақ мұсылман үмбетіне қарсы ауқымды әрі жан-жақты шабуыл бастады",- деді.
Әл-Хуси аймақтағы көптеген қақтығыстар мен дағдарыстарға сілтеме жасап: "Әлемдік үстемшілдік аймақты бөлшектеп, оған билік орнатуды көздеп отыр",- деді.
Ол мұсылман елдерінің бейберекет жағдайдан шығу жолын ғылыми көкжиек ретіндегі Құранға қайта оралып, оған жүгіну деп атап: "Бұл мәселе мұсылман үмбетінің АҚШ-тың саясаттарына қарсы табандылығын қажет етеді",- деп баса айтты.