Шіл 17, 2018 19:47 Asia/Almaty
  • Ливан Президенті Иранға Сириядағы дағдарысты аяқтауға көмектескені үшін алғыс айтты

Ливан Президенті Иранға Сириядағы дағдарысты аяқтауға көмектескені үшін алғыс айтты.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ливан Президенті Мишель Аун дүйсенбі күні Иран Сыртқы істер министрінің халықаралық істер жөніндегі аға көмекшісі Хосейн Джабери Ансаримен кездесуінде: "Сирия дағдарысын тоқтатудағы маңызды мәселелердің бірі сириялық босқындардың еліне оралуына жағдай жасау",- деді.

Мишель Аун сондай-ақ, АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты шығуына өкініш білдіріп: "АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы теріс салдарларға себеп болады",- деді. Ол басқа елдердің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды қалғанына қолдау танытып, Теһран-Бейрут қарым-қатынастарын кеңейтуге мүдбелік танытты.

Хосейн Джабери Ансари да Иран Президенті Хасан Руханидің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен екіжақты қарым-қатынастарға қатысты жолдауын тапсырып, Теһран мен Бейруттің барлық салалардағы екі жақты қарым-қатынастарын арттыру қажеттігін қуаттады.  

 

Тегтер