Құстың мүфтиі әл-Ақса мешітінің қазіргі жағдайына қатысты ескерту жасады
Әл-Ақса мешіті күн сайын израильдік әскерилердің қамқорлығындағы сионистердің шабуылдарына ұшырап отыр.
Al Alam арнасының хабарлауы бойынша, Құдстың мүфтиі шейх Мұхаммад Хосейн сәрсенбі күні әл-Ақса мешітінің қауіпті жағдайы мен оған жасалып жатқан шабуылдарға, сионистердің мешіттің батыс бөлігінде қазу жұмыстарын жүзеге асыруы мен соның салдарынан әл-Ақса мешітіндегі мұсылмандардың басқа ғимараттарының қирағанына қатысты ескерту жасады.
Шейх Мұхаммад Хосейн ислам үмбетінің барлық ұлы тұлғаларынан мұсылмандардың осы қасиетті мекенін сақтап қалу үшін шара қолдануды сұрады.
Сонымен қатар, 150-ден астам сионистік қоныстанушы сәрсенбі күні әл-Ақса мешітіне баса- көктеп кіріп, қасиетті мекенді қорлаған. Бейт ул-Мұқаддастың Жоғары исламдық кеңесінің басшысы әрі әл-Ақса мешітінің құтпагері шейх Акраме Сабри сионистердің осы әрекетінің жалғасында сионистердің әл-Ақса мешітіне жасап жатқан шабуылдарын мұсылмандардың қасиетті мекендеріне қарсы қылмыс және оларды қорлау деп атады.