Сионистік режим Парламентінің қаулысын ИЫҰ-ның парламентаралық одағы айыптады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i38361-Сионистік_режим_Парламентінің_қаулысын_ИЫҰ_ның_парламентаралық_одағы_айыптады
Ислам Ынтымақтастық Ұйымының парламентаралық одағының басшысы сионистік режимнің Кнессетінде "Еврей елі" атты нәсілшіл жобаның қабылданғанын айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 23, 2018 04:45 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Парламентінің қаулысын ИЫҰ-ның парламентаралық одағы айыптады

Ислам Ынтымақтастық Ұйымының парламентаралық одағының басшысы сионистік режимнің Кнессетінде "Еврей елі" атты нәсілшіл жобаның қабылданғанын айыптады.

Сионистік режимнің Кнессеті шілденің он тоғызы күні ауқымды наразылықтарға қарамастан "Еврей елі" атты нәсілшіл жоба бекітті.

"Еврей елі" деген нәсілшіл заң Палестинаны сионистердің жері санап, палестиналықтарды барлық адами және азаматтық құқықтардан айырады.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымының парламентаралық одағының басшысы Әли Лариджани сенбі күнгі мәлімдемесінде: "Басқыншы Израиль режимі Парламентінің қаулысы бір жағынан осы режимнің нәсілшіл болмысын растайды, екінші жағынан сионистік режим басшыларының Палестина мәселесін әлем халықтарының санасынан өшіруге бағытталған қара ниетін айқын көрсетіп отыр",-деді.

Лариджани әлемдік қауымдастық пен халықаралық және аймақтық ұйымдардан қатаң реакция көрсетіп, максималды түрде әріптестік жасау арқылы "Еврей елі" атты нәсілшіл жобаны айыптап, Ислам Ынтымақтастық Ұйымының төтенше отырысын өткізуді сұрады.