"Еврей мемлекеті" заңының бекітілуі – апартеидтің айқын белгісі
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i38397-Еврей_мемлекеті_заңының_бекітілуі_апартеидтің_айқын_белгісі
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілінің орынбасары әл-Хабиб сионистік режимнің Парламенті Кнессеттің "Еврей мемлекеті" заңының бекітілуін қатерлі өзгеріс деп атап, бұл әрекеттің нәсілшілдік пен апартеидті заңдастыруды көздейтінін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 25, 2018 08:32 Asia/Almaty

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілінің орынбасары әл-Хабиб сионистік режимнің Парламенті Кнессеттің "Еврей мемлекеті" заңының бекітілуін қатерлі өзгеріс деп атап, бұл әрекеттің нәсілшілдік пен апартеидті заңдастыруды көздейтінін айтты.

Сионистік режимнің  Парламенті наразылықтарға қарамастан "Еврей мемлекеті" деген заң бекітті. Бұл заңға сәйкес, Палестина жерлері сионистердің отаны саналып, палестиналықтар азаматтық құқықтарынан мақұрым қалады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Исхақ әл-Хабиб сейсенбі күні Таяу Шығыс пен Палестина мәселелеріне қатысты өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Палестинаның басып алынуын Таяу Шығыстың негізгі мәселесі деп атып: "Өткен 70 жылда Израиль режимі АҚШ-тың қолдауы және Қауіпсіздік кеңесінің шара қолданбауына сүйеніп, одан сайын арсызданып, өзінің басқыншы және билеп-төстеушілік саясаттарын жалғастырды",- деп қуаттады. Әл-Хабиб сондай-ақ, АҚШ елшілігінің Құдсқа көшірілуін халықаралық заңдар мен Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзу деп атап: "Бұл әрекет – АҚШ-тың Израиль режимін қолдауының әшкере көрінісі",- деді.